Конкурс

Конкурс

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «Шұғыла» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

Бос тұрған әдіскер лауазымына конкурс жариялайды.

«Шұғыла» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Мекеменің  мекен-жайы: Қосбөлтек ауылы,Қойбақов көшесі№70

Байланыс номері: 872635 -5-20-12 ұялы тел: 87472698620

Құжат қабылдау күні: 2026 жылдың 28 қаңтар-03 ақпан аралығы

Айлық жалақы: 173466 (жүж жетпіс мың төрт жүз алпыс алты)

 

Лауазымдық міндеттері:

Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды;

Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады;

Жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды;

Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын,нысандарын,әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді;

Оқу-әдістемелік құжаттамаларды,құралдарды әзірлеуді және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;

Инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды,зерттеуді,таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді;

Топтарды құралдармен,ойындармен,ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады;

Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды;

Тәрбиешілер үшін сабақтар,мастер-класс,семинарлар,жеке және тооптық кеңестер,көрмелер ,конкурстар өткізеді,шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады;

Оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады,есепке алу,есеп беру құжаттамасын уақтылы рәсімдейді.

Тәрбиешілердің,психологтың,музыкалық жетекшінің,ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді;

Тәрбиешілер,олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді;

Педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау) аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын;

Дидактика принциптері,педагогика,психология негіздері,тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелерін;

Педагогикалық этиканың нормаларын;

Еңбек заңнамасының негіздері,ішкі еңбек тәртібі,еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау,өртке қарсы қорғау қағидалары,санитариялық қағидалар мен нормаларын;

Әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бағыты бойынша жоғары және  (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немес техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат,жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

 

Конкурсқа ұсынуы тиіс құжаттар:

1)Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондықұжат;

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефоны)

4) Педагогикалық үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулықжағдайы туралы анықтама (санитарлық анықтама кітапшасы)

7) Психоневралогиялық және наркологиялық ұйымнан анықтама;

8) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санаттын растайтын куәлік;

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне,жұмыс тәжірибесін,кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру,ғылыми-академиялық дәрежелер мен атақтар беру,,ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар,біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері,алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар ұсынады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі күннен бастап есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «Шұғыла» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

Бос тұрған педагог-психолог лауазымына конкурс жариялайды.

«Шұғыла» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Мекеменің  мекен-жайы: Қосбөлтек ауылы,Қойбақов көшесі№70

Байланыс номері: 872635 -5-20-12 ұялы тел: 87472698620

Құжат қабылдау күні: 2026 жылдың 28 қаңтар-03 ақпан аралығы

Айлық жалақы: 173466 (жүж жетпіс мың төрт жүз алпыс алты)

 

Лауазымдық міндеттері:

Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады;

Баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды, психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді,психологиялық қортынды жасайды;

Мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды,әртүрлі психологиялық көмек көрсетеді;

Қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған,оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын,сондайақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды,оларды жеке,кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;

Мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді,олардың дамуына,шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;

Ата-аналарға,тәрбиешілерге педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді;

Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді,педагогикалық,әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын,сауықтыру,тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;

Балалардың өмірін,денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау,өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

 

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

Жалпы психологиялық-педагогикалық психология және жалпы педагогика,тұлға психологиясы және дифференциалды психология,балалар және жас психологиясы,әлеуметтік психология, медициналық психологиясы.

Педагогикалық этиканың нормалары;

Арнайы мектепке дейінгі педагогика, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес беру психопрофилактика негіздері;

Белсенді оқыту әдістері,қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі;

Ата-аналарға арналған жек және топтық кәсіби кеңес берудің заманауи әдістері,баланың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалау және түзету.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бағыты бойынша жоғары және  (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немес техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат,жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

 

Конкурсқа ұсынуы тиіс құжаттар:

1)Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондықұжат;

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефоны)

4) Педагогикалық үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулықжағдайы туралы анықтама (санитарлық анықтама кітапшасы)

7) Психоневралогиялық және наркологиялық ұйымнан анықтама;

8) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санаттын растайтын куәлік;

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне,жұмыс тәжірибесін,кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру,ғылыми-академиялық дәрежелер мен атақтар беру,,ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар,біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері,алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар ұсынады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі күннен бастап есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *